Чемпионаттың мақсаты – еңбек адамының мәртебесін дәріптеу және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, шеберлік дағдыларын дамыту. Чемпионатқа қатысу ТжКББ жүйесіне жастарды тартуда және оқытудың мотивациясын арттыруда оң нәтижесін беретін таза бәсекелестікті дамытады және сайыстық рухты қалыптастырады.

Ақтөбе облысында WorldSkills Kazakhstan халықаралық қозғалысы 2015 жылы басталды, биыл жетінші рет өткізіліп отыр.

Салтанатты шара облыстық білім басқармасы басшысы Ж.Батырхан,  Талап КЕАҚ өкілі Д.Баумуратова, Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен бизнес-қауымдастығы, БАҚ өкілдері, әлеуметтік серіктестер және облысымыздың ірі кәсіпорындары басшылары, білім беру ұйымдары басшылары және мектеп оқушыларының  қатысуымен өтті.

Чемпионатқа 57 құзыреттілік бойынша  16-22 жас аралығындағы колледж студенттерінен 300-ге жуық  жас болашақ кәсіпқой мамандар  қатысады.

Байқау 11 колледж базасында  және TOYOTA, КАМАЗ орталықтары алаңдарында әлеуметтік әріптес кәсіпорындары жетекші мамандарының  бағалауымен өтеді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1