1. Жалпы ереже.

1.1. Осы Ереже «Мемлекеттік рәміздер - ел мақтанышы» эссе байқауының мақсаттары мен міндеттерін және оны өткізу тәртібін анықтайды. Эссе байқауын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік  орталығы өткізеді.

2.1.Байқаудың мақсаты: оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау.

2.2.        Байқаудың міндеттері:

-        Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау; 

-        эссе байқауы арқылы шығармашылық мұғалімдерді анықтау және қолдау.

 

3. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі:

3.1.        Байқау жұмыстары 2022 жылғы 18-31 мамыр аралығында қабылданады. 2022 жылғы 31 мамырдан кейін түскен байқау материалдары қаралмайды.  

3.2.        Байқау қорытындысы 2022 жылғы 8 маусымда www.aktedu.kz сайтында жарияланады.

3.3.        Байқауға меншік нысанына қарамастан жалпы білім беретін мектептердің тарих пәнінің мұғалімдері қатыса алады.

3.4.         Байқауға қатысу үшін  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:

1).  1 - қосымшага сәйкес сұраныс;

     2).  Байқауға қатысушының жұмысты.

 

4.        Байқау талаптары:

4.1.     Жұмыстың мазмұны «Мемлекеттік рәміздер-Тәуелсіздік тұмары», «Мемлекеттік рәміздер-елімнің нышаны», «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы»  осы тақырыптардың біреуіне сәйкес болуы тиіс.

4.2.         Байқау жұмысына пікір берілмейді және қайтарылмайды.

4.3.         Титул парағының бірінші бетінде қатысушының аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, эссе тақырыбы, телефоны көрсетілуі тиіс.

4.4.         Жұмыс көлемі 1,5-2 бетке дейінгі, А 4 форматты электронды түрде, 1,5 интервал арқылы,14-ші Times New Roman әріпімен ұсынылуы тиіс.

4.5.         Материалдарға авторлық құқықтар байқау қатысушыларында сақталады.

4.6.         Ұйымдастырушылар плагиатты құптамайды. Егер тексеру кезінде жұмыс басқа автордан ішінара немесе толық алынған болса (оған сілтеме мәтін бойынша келтірілмесе), онда мұндай жұмыстар байқауға жіберілмейді.

 

5.        Бағалау өлшемдері:

5.1.         Тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;

5.2.         Шығармашылығы мен ізденісі;

5.3.         Ойдың дербестігі;

5.4.         Эссеннің тақырыпқа сәйкестілігі;

5.5.         Эссе тақырыбына автордың көзқарасы;

5.6.         Мәтінді құру тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.);

5.7.         Орындалу ұқыптылығы.

 

6.        Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

6.1.         Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды

6.2.    Байқаудың жүлделі орындарына ие болған жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі  Дипломдармен марапатталады. Орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар  берілді.

Қосымша 1

 

 «Мемлекеттік рәміздер – елімнің мақтанышы» атты

облыстық эссе байқауының сұранысы

 

Мұғалімнің

аты-жөні

(сертификатты толтыру үшін толық жазылуы керек)

Жұмыс

орны, лауазымы

Эссе атауы

Байланыс мәліметтері

(ұялы телефоны, эл.поштасы )

 

 

 

 

 

Орындаған: Искендирова Аяш Абдимахановна

Байланыс тел: 8 (7132) 54-86-43, 87028667076

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1