2022 жылы 16 мамыр күні Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінде «Көркем еңбек пәнінде оқушыларды кәсіпкерлікке баулудағы әдістеме мен тәжірибе» атты облыстық шебер - класс өтті.
Шараның мақсаты қазақ қолөнерін насихаттау арқылы кәсіркерлікпен ұштастыру, ұлттық бұйымдар жасаудың заманауи әдістерін үйрету бағытында Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, шебер кластың жетекшісі Каскирбаева Жулдиз Мырзалиевна кәсіпкерлікке баулудағы әдістемелік тәжірибесі бойынша шебер класымен бөлісті.
Шебер класқа қатысушы №31 қазақ орта мектебінің мұғалімі, «Шолпы» қыздар клубының жетекшісі Идрисова Орынай Бижанқызы «Шолпы мен өңіржиек-сән мен сымбат» технологиясы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға технологияның маңыздылығын практикада көрсете білді.
«Этностильдегі жеңіл иықты жейдені пішіп даярлау» тақырыбында тәжірибесін көрсете білген №31 қазақ орта мектебінің мұғалімі Оспанова Айгуль Кулынтаевна, қатысушылармен кері байланыс жасай отырып жұмыстанды.
Шебер-кластың жетекшісі Каскирбаева Жулдиз Мырзалиевна «Ұлттық нақышта өңделген шаш жиектемелері» тақырыбында практикалық жұмыстарымен қатысушылармен бірігіп отырып жұмыстанды.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Б.С. Туржанова, көркем еңбек пәнін оқытудың әдістеріне және шебер-кластың мақсатының толықтай орындалғаны туралы қатысушылардың рефлексиясы бойынша, шараның теориялық білімі мен практикалық қолдану тәсілдерінің берілуін қорытындылады.