Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай 2022 жылғы 5 мамырда онлайн тәртібінде Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі Тлеуова Дания Алтоновнаның «Математика сабақтарында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту» тақырыбында шығармашылық шеберхана отырысы өтті.
Іс-шара барысында «PISA-Халықаралық оқушы қабілетін бағалау» тақырыбында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжалина Райхан Жәдігерқызы презентация жасады.
Сонымен қатар «Математика сабақтарында оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктері» тақырыбында шеберхана жетекшісі Тлеуова Дания Алтоновна бірнеше есептерді шығарудың тиімді әдістері туралы айтып өтті.
Практикалық бөлімде «Сан және цифрға байланысты PISA есептерін шығару» тақырыбында математика пәні мұғалімі Суханбердиева Жадыра Багыбергеновна - Ciassroomscreen виртуальді сынып тақтасымен PISA есептерін шығару жолдарын баяндады. «PISA зерттеулеріндегі геометриялық есептер» тақырыбында математика пәні мұғалімі Жаназарова Назгуль Жансериковна геометриялық есептерді шығаруда Idroo.com тақтасын пайдаланудың тиімділігімен бөлісті. «Hot Potatoes» бағдарламасында PISA есептерін құрастыру» тақырыбында информатика пәні мұғалімі Медеуов Ербол Куанышбаевич есептер құрастырудың бірнеше әдісін көрсетті.
“www.mentimetr.kz” бағдарламасын қолданып, директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Еспаганбетова Куралай Щорсовна қатысушыларға тапсырмалар беріп, кері байланыс жүргізді.
Семинар соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.