Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің педагогтеріне облыстық семинар өтті. Семинар барысында педагогтерді аттестатаудан өткізу қағидалары, колледждің тәрбие бағытында атқарылатын жұмыстары туралы баяндама жасалды. Сондай-ақ, арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастыру, студенттердің сабаққа қызығушылығын арттыру бойынша шебер класстар өткізілді. Семинар соңында «Студент. Ата-ана. Педагог» моделін ұсыну тренингі ұйымдастырылды. Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, семинар қорытындыланды.