29 сәуір күні Ақтөбе қаласы №69 жалпы білім беретін орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Римма Елешевна Даулетиярованың шығармашылық шеберханасы өтті.

Шеберхана жұмысын Ақтөбе қаласы №69 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Айгул Амангельдиевна Абжалелова алғы сөзбен ашты.

Әрі қарай «Ұлы дала ұлағаты» жобасы презентациясы көрсетіліп, әр түрлі техникада түрлі материалдарды үйлестіре орындалған мазмұны терең жұмыстардың тәрбиелік маңызы зор екенін насихаттап, әріптестерге идея ұсынды.

«Үйірменің үйретері көп» тақырыбында музыкалық-шығармашылық шараға төмендегі мұғалімдер қатысты:

Буранбаева Жадыра Жаксиликовна-музыка пәні мұғалімі

Бисенов Нұрлан Глажадинович-домбыра үйірмесі жетекшісі

Ескендирова Жайнагул Болатовна - көркем еңбек пәні мұғалімі

Тілеукулова Күлбаршын Шоныққызы- би үйірмесі жетекшісі

«Өнегесі мол ұлттық киім» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімі Ескендирова Жайнагул Болатовна шеберлік класс шеруін өткізді.

Шеберхана жетекшісі, көркем еңбек пәні мұғалімі, Даулетиярова Римма Елешевна және көркем еңбек пәні мұғалімі Бисенов Серик Нугметович, «Көркем еңбек - STEAM» шеберханаларымен таныстырды.

«Белдемшенің модельденуі» тақырыбында Ақтөбе қаласы №22 жалпы білім беретін орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Бультенова Гульнара Қожабергеновна, «Ою ойғанның ойы ұшқыр» тақырыбында Байғанин ауданы, Қараулкелді орта мектептің мұғалімі Иманбаева Гүлмира істәжірибелерімен бөлісті.

Шараның соңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Туржанова Балзия Саудабаевна кері байланыс жасап, қорытындылады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1