2022 жылғы 28 сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай «Физика сабағында CLIL әдісін қолдану» тақырыбында оқыту семинары болып өтті.

Семинар барысында «Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі» тақырыбында «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі Төлемісов Бекназар Ерланұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, физика сабағында ағылшын терминдерімен жұмыс жасауды, сабақта технология түрлерін қолдану әдістерімен бөлісті.

Сонымен қатар «Пән мен тілді кіріктіре оқыту тәжірибемізден» тақырыбында «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ физика пәні мұғалімдері Исенгалиев Азамат Айтымович, Ахатов Мейірман Бақтиярұлы практикалық сабақ көрсетіп, пән мен тілді кіріктіре оқытуда CLIL әдісін қолдану, кроссворд, тест құрастыру түрлерін көрсетті.

«Жетістік сағаты» тақырыбында «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының физика пәні мұғалімі, Жұбан Махамбет Қайратұлы қатысушылармен жеке, топтық жұмыстар жүргізіп, физика сабағында бірнеше ойын түрлерін қолдану, сәйкестендіру әдісін көрсетті.

Сонымен қатар физика пәнінен ағылшын тілінде сабақ беру әдістемесінен презентациялар топтамасын ұсынды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Мектепке дейінгі және жалпы орта

білім беру бөлімінің әдіскері                                        Ғ.Байсейтова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1