Ақтөбе қаласында 27 сәуір күні география пәні  мұғалімдерінің съезінде көтерілген мәселелерді таныстыру,  тәжірибе алмасу мақсатында «ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР» тақырыбында облыстық форум өткізілді.

Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында өткен облыстық форумға 100 ден аса география пәні мұғалімдері қатысты.

Форум жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Исатаева Жания Альмухановнаның жетекшілігімен өтті.

Форумға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, география ғылымының докторы, профессор, география оқулықтарының авторы Каймулдинова Куляш Дуйсенбаевна зум платформасы арқылы қосылып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Шара барысында республикалық съезд делегаттары:  Ырғыз ауданы, М. Төлегенов атындағы  ЖОББМ-тің география пәні мұғалімі Ақшыманов Дарын Рыстығұлұлы «География пәнін оқытудың өзекті мәселелері»; Ақтөбе қаласы, Новый орта мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Исагалиев Жасулан Жайыкович «Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар»; Ащылысай орта мектеп-бақшасының география пәні мұғалімі Глуханькова Татьяна Сермагамбетовна «Использование технологии развития критического мышления на уроках географии», Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының география пәні мұғалімі Қалбек Санзира Өмірзаққызы «Жоба негізінде оқыту»; Алға ауданы, Маржанбұлақ орта мектебінің география пәні мұғалімі Есжанова Роза Сагынышовна «Ғылыми жоба – мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеудегі оқу-танымдық әрекеті»; Ақтөбе қаласы, №18 орта мектебінің география пәні мұғалімі Абубакірова Лала Болатқызы «Туристтік өлкетану, экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру»; Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы «Мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету:жағдайы,проблемалары, ұсыныстар»; Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Асан Динара Нұрланқызы «География пәнін оқытудағы негізгі мәселелер» тақырыптарында сөз алды.

Форум жұмысының соңында қатысушылар республикалық съездің қарарымен таныстырылып, кері байланыс жүргізілді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1