2022 жылы 28 сәуір күні Ақтөбе қаласы, №6 «Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ-ң көркем еңбек пәні мұғалімі, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі Ақбота Ерсайновна Туысованың «Өнерім-өмірім» 25 – жыл шығармашылық есебі өтті.
Шараны модератор, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна жүргізді. Алғашқы құттықтау сөз мектеп гимназиясының директоры Жангалиева Шолпан Серикбаевнаға беріліп, көркем еңбек пәні мұғалімі, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі Ақбота Туысованың интеллектуалдық потенциалын дамыта отырып, шығармашылық шеберлігін шыңдау арқылы кәсіби өсу жолдарындағы мұғалім мен мектеп қызметінің бірізділігіне тоқталды.
Әрі қарай Ақбота Ерсайновна «Тағылым» кабинетінде шығармашылық есеп аясында «Қазақтың ұлттық бас киімдерін зергерлік бұйымдармен әшекейлеу» тақырыбында жоспар бойынша облыстық шебер класының отырысын жүргізді.
Тыңдаушыларға «Тағылым» кабинетінде шебер класс жетекшісі Ақбота Туысова «Шаштың сәні-шолпы мен шашбау, шашбау жасау жолдары» тақырыбында презентациясымен бөлісті. Шебер класты Ырғыз ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-ң көркем еңбек пәні мұғалімі Олеся Болаткалиевна Имамурзина алқа жасау технологиясымен жалғастырды.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Б. С. Тұржанова, ауыл және қала мектептерінің мұғалімдері қамтылған шебер класс жұмысын қорытындылап, тақырып бойынша практикалық жұмыстану арқылы тәжірибелерімен бөліскені үшін Ақбота Туысованың шығармашылық жұмысына алғысын білдірді.