Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 27 сәуір күні «Жас маман» жобасы аясында «Цифрландыру-бүгінгі білім берудің негізгі бағыты» тақырыбында Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің базасында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумда Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің озық тәжірибелі педагогтерінің кіріктірілген сабақтары көрсетілді. Сондай-ақ, «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған заманауи оқу құралдарына экскурсия жасалып, педагогтердің шебер класстары көрсетілді.
Шараға Ақтөбе облыстық ТжКББ ұйымдарының арнайы пән оқытушылары, оқу-өндірістік шеберлері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптары мен ұсыныстары айтылып, семинар қорытындыланды.