2022 жылғы  20 сәуір  күні облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес М.Құрманғалиева атындағы №32 орта мектеп-гимназиясында химия пәні мұғалімі Г.К.Жалашеваның «Химия пәнін басқа пәндермен интеграциялаудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында кезекті шығармашылық шеберхана отырысы  өтті.

Химия пәнін жаратылыстану және қоғамдық әлеуметтік ғылымдар саласымен сабақтастырып, әлемдік білім кеңістігіне ену бағытында интеграциялық білім беру арқылы оқушының ақпараттық, когнитивті және коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында өткен шеберханада  жетекшісі Г.Жалашева химия сабағында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын көрсетті. Сонымен қатар «STEM» технологиясымен таныстырып, ондағы негізгі артықшылықтарға, интеграцияланған тақырыптарды біріктіріп оқытуға, сыни ойлау дағдыларын дамыту және проблемаларды шешу жолдарын көрсетті.

Келесі кезекте  белсенді қарым-қатынас және командалық жұмыс пен басқа да артықшылықтарын айта отырып, шеберхана мүшелеріне топтық жұмыс түрлерін көрсетіп, топқа бөлудің де интербелсенді әдістерімен (flippity.net) сайдының мүмкіндіктерімен таныстырды.

Физика пәні мұғалімі А.Б.Қалдығұлова «Mozaik education»және «Google Earth» cайдтарымен таныстырып, сабақта қалай қолдануға болатындығын көрсетті. Семинар соңында информатика пәні мұғалімі А.К.Аққубаева «Pollevery where.com» кері байланысты ұйымдастырудың үлгісін көрсетіп, «Семинардан алған әсеріңіз» туралы кері байланыс алынды.    

 Өткізілген іс-шараны қорытындылай келе, шеберханаға қатысқан химия пәні мұғалімдері өздеріне көптеген жаңаша ақпараттар мен ресурстарды алып, оларды өздерінің іс-тәжірибелерінің жинағына қосып, сабақтарында пайдаланатындықтарын айтты. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

           

Мектепке дейінгі және жалпы орта

білім беру бөлімінің басшысы                                                         Г.Нукеева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1