21 сәуірде Ақтөбе қаласы, №26 орта мектеп базасында «Көркем еңбек, дене шынықтыру және музыка сабақтарында оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың белсенді әдістері» тақырыбында семинар өтті.
Шараның мақсаты: көркем еңбек, дене шынықтыру және музыка пәндері бойынша заманауи мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ынталандыру және тиімді әдіс-тәсілдер қолдану арқылы, оқу-тәрбие үрдісінде білім сапасын көтеру.
№26 орта мектептің әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Л.В. Чернышева «Дене шынықтыру, көркем еңбек және музыка сабақтарында белсенді әдістерді қолданудың өзектілігі» тақырыбында баяндама жасады.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Б.Грекова «Сабақты тиімді ұйымдастыру» тақырыбында тыңдаушыларға коучинг ұйымдастырып, белсенді әдістерді тиімді қолдану жолдарын берді.
Практикалық бөлімнің дене шынықтыру бөлімінде Л.В. Чернышева, А.Б. Грекова, Ш.Р. Терегулов, Ж.С.Есентаева панорамалық сабақтарда тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.
Көркем еңбек бөлімі Н.В. Лысенко, И.А.Неклионова «Көбіктен қуыршақ жасау театрының өнері», «Сызықтық жобалар» тақырыбында Ш.С.Бузаев шебер сыныптар көрсетті.
Музыка бөлімі бойынша И.А. Степанова 3 «б» сыныбында «Өзендер туралы жырлар» тақырыбында ашық сабақ көрсетіп, сабаққа заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша жұмыстың практикалық дағдыларын берді. Семинар соңында Н.В. Лысенко тыңдаушылармен рефлексия жасап, жұмысты қорытындылады.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының дене шынықтыру, көркем еңбек және музыка пәні бойынша әдіскерлер семинардың үш пән бойынша кіріктірілген бағдарламасының ерекшелігіне тоқталды.
Мектепке дейінгі және жалпы
орта білім беру бөлімінің әдіскері Б.С. Туржанова