Ағымдағы жылғы 28 қаңтар күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай физика пәні мұғалімдеріне қашықтан оқытуға әдістемелік көмек беру мақсатында онлайн тәртібінде ашық сабақ өткізілді.

Сабақты Ақтөбе қаласы №56 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Айтмағамбетова Адеми Алиповна 10-класқа «Конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау» тақырыбында өткізіп, оған барлығы 100-ге тарта мұғалім қатысты.  

Сабақтың мақсаты мен дескрипторлары нақты, талапқа сай құрылған. Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Дауыс беру» әдісі арқылы оқушыларға тапсырмалар беріліп, оқушылармен кері байланыс жасалды. Жаңа тақырыпты түсіндіруде «bilimland.kz» сайты арқылы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, өзара бағаланды.

Ашық сабақ ZOOM платформасында онлайн тәртіпте өткізіліп, сабақ түсіндіруге 20 минут, оқушыларға тапсырма беруге 10 минут, кері байланысқа  10 минут уақыт берілді.

     Қатысушы мұғалімдер сабаққа талдау жасап, өзара пікір алмасты.

   

 

 

Мектепке дейінгі және жалпы орта

білім беру бөлімінің әдіскері                                                                                 Ғ.Байсейтова

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1