2022 жылдың 20 сәуір күні «Педагогтерге мобильдік көмек» жобасының негізгі қызметі- нәтижеге бағытталған білім сапасын жетілдіру» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Шарада Мұғалжар ауданы, Ақкемер-Ресурстық орталықтың іс-тәжірибелерінен және Байғанин ауданы, Т.Жармағанбетов атындағы ресурстық орталықтың іс-тәжірибелік шеберханасынан коучингтер мен мастер кластар, панорамалық сабақтар көрсетілді.
Мұғалжар ауданы, Ақкемер-Ресурстық орталықтың химия-биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. Г.Танашева «Биология және химия пәндерінде сын тұрғысынан ойлау және ойлау туралы ойлану» тақырыбындағы өткізген коучингі қатысушылар үшін нәтижеге бағытталған білім сапасын жетілдіру бағыттары болды.
Директордың ресурстық орталық бойынша орынбасары, педагог-сарапшы Н.Бержанованың «Оқу үдерісінде нейрогимнастикалық жаттығуларды қолдану технологиясы» тақырыбындағы шебер класта оқушылардың логикалық шыңдалу жолдарын берді.
Дебат клубының жетекшісі А.Абилгазина, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетімен бірлескен жұмыс жоспарларына және қызметінің құрылымына тоқталды.
География пәні мұғалімі, педагог зерттеуші, Г. Бержанова тиімді интербелсенді әдістер бойынша шебер класымен бөлісті.
Келесі практикалық бөлімде Байғанин ауданы, Т.Жармағанбетов атындағы ресурстық орталықтың директоры А.Тлеулина «Талапты мұғалімнен табысты ұжым...» іс-тәжірибелік шеберханасын ұйымдастыру қызметінің алгоритімен таныстырды.
«Оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту, сыни ойлауды қалыптастыру» тақырыбында осы мектептің мұғалімі М. Турганбаева понарамалық сабақтар көрсетті.
Т.Жармағанбетов атындағы ЖББМ биология пәні мұғалімі М.Мәдірова «Зертханалық жұмыс: сүйектің құрамы» тақырыбында шебер класымен бөлісіп, кері парақтармен жұмыстанды.
Шараның соңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Б.С.Туржанова семинарды қорыта келе, мұғалімдердің «Педагогтерге мобильді көмек» жобасы аясында туындаған мәселелеріне әдістемелік көмек алатыны туралы тоқталды.
Мектепке дейінгі және жалпы
орта білім беру бөлімінің әдіскері Б.С. Туржанова