Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл «Бала жылы» деп жариялауына байланысты 2022 жылғы 21 сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «БАҚЫТТЫ БАЛА – ОЗЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ» тақырыбында Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің базасында мерекелік шара өтті.
Аталған шараға Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп – интернат – колледж» кешені мен Жайсаң көпсалалы колледжідерінен 30-ға жуық білім алушы қатысты.
Қатысушыларға концерттік бағдарлама, балаларға көңіл күй сыйлау мақсатында «Сиқырлы бояулар» беттеріне аквагрим жасалып, шаштараз мамандығына деген қызығышылығын арттыруда шаш стилінің түрелерінен классикалық, спорттық бағытта әсемдеудің және өрудің үлгілері көрсетілді.
Шара соңында балаларға ұлттық асық ату ойыны мен психологиялық тренинг ұйымдастырылып, кеш қорытындыланды.