2022 жылдың 14 сәуір күні шағын жинақты мектептердің мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы интербелсенді әдістер» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.

Шараға ресурстық орталықтардың және шағын жинақты мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты.

Шараның практикалық бөлімінде Хромтау ауданы, № 7 Хромтау мектеп гимназиясының математика пәнінің мұғалімі, п.ғ. магистрі халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпазы, Қ. Токсамбаева «Жапондық көбейту алгоритмі» тақырыбында ғылыми жұмысты дайындау және қорғау алгоритімін көрсетті.

«Математика сабағында жаңа технологияларды қолдана отырып оқушының шығармашылығын дамыту» тақырыбында Хромтау ауданы, № 7 Хромтау мектеп гимназиясының педагог-сарапшысы С. Искендирова және педагог-сарапшы А. Қамысбай, Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ педагог-зерттеуші Г. Прімжарова «Оқыту үшін бағалаудың тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізіп, қатысушылармен кері байланыс жасау арқылы тақырыптардың маңызды бағыттарымен бөлісті.

Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-ң педагог-зерттеуші Г. Имантаева математика пәнінен, Ойыл ауданы, Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің педагог-сарапшысы А. Бегалина физикадан, Қобда ауданы, И.Тайманов атындағы гимназиясының мұғалімі С. Кундаев химиядан, Мұғалжар ауданы, Ақкемер ЖОББМ педагог-зерттеуші Г.Бержанова география пәнінен шебер кластар көрсетті.

Семинар-практикумға қатысушылар кері парақпен жұмыстана отырып, әріптестерінің іс-тәжірибелерімен бөлісу арқылы жаратылыстану пәндерін оқытудағы интербелсенді әдістердің тиімділігін анықтады.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Б.С.Туржанова қатысушылардың сұранысы бойынша жаратылыстану пәндерін оқытудағы интербелсенді әдістердің тиімділігін «Педагогтерге мобильді көмек» жобасы аясында жалғастыру мүмкіндігі бар екендігіне тоқталды. 

Мектепке дейінгі және жалпы

орта білім беру бөлімінің әдіскері                                                                        Б.С. Туржанова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1