2022 жылғы 14 сәуірде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп, облыстың балабақша меңгерушілеріне арналған «Басқару қызметін жақсарту барысында басшының рөлі» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Шараны Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері М.Т.Мурзагулова алғы сөзімен ашып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінің бағыттары және қағидаттарына тоқталды.

Семинар барысында Педагогикалық шеберлік орталығының тренері К.Б.Кошмагамбетова жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бағалау және бақылау сияқты басшының негізгі басқарушылық функциялары бойынша мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, жұмыс барысында қолданылатын әртүрлі бағыттарды, яғни мақсат қою, міндеттерді бөлу, жұмысты сәтті орындау, тиімді кері байланысты қамтамасыз ету жолдарын ұсынды.

Практикалық жұмыс блоктар мен командалар бойынша орындалды, онда барлық жаттығуларға талдау жүргізілді, бұл педагогтер арасында белсенділіктің артуына ықпал етті. Қатысушылар мақсатқа сәйкес әртүрлі тапсырмаларды әзірледі және басқарушылық қызметтің сапасын арттыруда өз идеяларымен бөлісті.

Сонымен қатар семинарда № 33 «Нұрсәт» және № 45 «Алтын бала» балабақшаларының меңгерушілері Б.К.Кусмамбетова мен Д.Т.Туребаева өз тәжірибелерін көрсетті.

Шара соңында қатысушылармен «Жетістік баспалдағы» атты рефлексиясы ұйымдастырылып,іскерлік диалог,пікір алмасу жүргізілді.

Мурзагулова М.Т.-мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1