2022 жылғы 11 сәуір  күні облыстық  ғылыми-тәжірибелік  орталығының  ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының жеңімпазы, Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» балабақшасының музыка жетекшісі Мейрамгуль Нуржигитовна Шульденованың «Мектеп жасына  дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беруде заманауи әдістерді тиімді қолдану» тақырыбында шебер-класы өтті.

Шарада шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтің инновациялық әрекеттерін насихаттай отырып, іс-тәжірибесін тарату, кәсіби жетістігімен  бөлісу, жұмыс мазмұнын жаңаша бағытта қалыптастыру  мақсаттары көзделді.

Мейрамгуль Нуржигитовна мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беруде пайдаланатын әдіс-тәсілдерін: логоритмика, мнемокесте, тыныс алу жаттығуларының ұйымдастыру жолдарымен бөлісті. Шебер-кластың  практикалық бөлімінде музыка жетекшісі 4К моделінде ұйымдастырылған оқу қызметін, балалармен топтық жұмыс жасау ерекшеліктерін, ойын түрлерін көрсетті. Осы жүйеде білім алған тәрбиеленушілер музыкалық әуендерді игеріп, аспаптармен оркестрде ойнау қабілеттерімен ерекшеленді.

Шара соңында қатысушылармен кері байланыс кезінде шебер-кластың жоғары деңгейде өткендігін, музыка жетекшісінің бүгінгі бөліскен іс- тәжірибесінен  құнды мәліметтер жинақтап, жақсы әсерде болғандарын айтты. Сондай-ақ, шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын  білдірді.

 

Мурзагулова М.Т.-мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1