Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай 2022 жылғы 12 сәуірде Ақтөбе қаласы № 56 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері «Физика сабақтарында оқушылардың білім олқылықтарын толтырудың тиімді әдіс - тәсілдері» тақырыбында онлайн тәртібінде облыстық семинарда өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Байсейтова білім олқылықтарымен жұмыс жүргізудің тиімділігі туралы айтып өтті.
Ақтөбе қаласы № 56 ЖОББМ физика пәні мұғалімі Ережипова Нурлы Кенесовна «Физика сабақтарында оқушылардың білімдегі олқылықтарын толтырудын тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы сабақтар топтамасында физиканы оқыту барысындағы білім олқылықтарын жоюдың әртүрлі тиімді тәсілдерін, сабақта қолдану ерекшеліктері туралы айта келе, оқушыларға бірнеше тапсырма түрлерін (деңгейлік, анимациялық, мультфильмдік) көрсетуді ұсынды.
Физика пәні мұғалімі Игликова Лаззат Ермековна «Төңкерілген оқыту әдісін оқыту үрдісінде тиімді қолдану» тақырыбындағы панорамалық сабақта «төңкерілген сабақ» технологиясын қолданудың тиімділігін айта келіп, өз тәжірибесінен бірнеше сабақтың өткізілу тәсілін көрсетті.
Физика пәні мұғалімі Айтмагамбетова Адеми Алиповна «Зертханалық жұмысты жүргізудің тиімді тәсілдері» тақырыбында зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың түрлерін және өткізу жолдарын көрсетуде өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар зертханалық жұмыстарды виртуалды, фронтальды, тәжірибелік түрде ұйымдастырудың түрлерін көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Мектепке дейінгі және жалпы орта
білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Байсейтова