Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Кәсіби құзыретті маман-уақыт талабы» тақырыбында ТжКББ ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған облыстық семинар өтті.
Семинарда Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің озық тәжірибелі педагогтерінің іс-тәжірибелері таратылды. Сондай-ақ, техникалық мамандықтардың ерекшелігі туралы баяндалып, сабақ берудің әдіс-тәсілдері бойынша түрлі шебер кластар мен панорамалық сабақтар көрсетілді.
Семинар соңында орталықтың психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің психолог-әдіскері С.Байдуашова «Мен кіммін?» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, әр педагог өз құзыреттіліктерінің деңгейін бағалай алды.
Ашық диалог алаңында тыңдаушылармен кері байланыс жасалып, пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1