Жасөспірімдердің тұлғалық әлеуметтік бейімделуін дамытудағы ата-ананың психологиялық рөлі .
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі, ата-ананың психологиялық рөлі өзекті болып табылады. Тек отбасында ғана емес, сонымен қатар әке мен ананың қоғамдағы рөлі баланың тұлғалық дамуына, әлеуметтенуіне ықпал ететі негізгі фактордың бірі. Осы мақсатта білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтарға «кімге, қалай қолдау көрсете алады?» деген сұраққа жауап ретінде ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен педагог-психологтарға арналған он-лайн форматта семинар-практикум өтті .
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Д. Халетова жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуында әке мен ананың тәрбиесі мен рөлінің қажеттілігі мен маңыздылығын сезінудің өзі қоғам үшін үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін атап өтті.
Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскерлері Б.Колкабаев пен С.Байдуашова жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуіндегі әке мен ананың рөліне жеке-дара тоқталды. Анасының баласының психологиялық әл-ауқатын өзіндік бағалауына бағытталған «Идеалды үй» әдістемесімен бөлісіп, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасының даму мүмкіндігінің деңгейін көрсетті. Көптеген әкелердің баласының мектеп өміріне араласпайтын мәселесіне қатысты, әкелердің мектепке деген қатынасын жақсартуға және баласының мектеп өміріне араласуға деген қызығушылығын арттыруға негізделген бірлескен жоба жасау ұсынылды.
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған маманданды-рылған мектеп-интернатының педагог-психологы А.Музеева білім алушылардың әлеуметтік бейімделуі мен тұлғалық дамуындағы отбасының ықпалына тоқталып, ассоциативті тәсілдер арқылы білім алушы мен отбасы арасындағы байланысты айқындауға болатындығын көрсетті. Отбасылық өзара қалыпты байланысты нығайтуда сондай-ақ, ата-ананың баласының әлеуметтік бейімделуіндегі жауапкершілікті сезінуге, психологиялық қолдаудың ерекшелігін түсінуге мүмкіндік беретін, кәсіби тәжірибесінде жиі қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Семинар-практикум соңында педагог-психологтар өз пікірлерін ортаға салап, кері байланыстарын жасады. Бөлім әдіскері Б.Колкабаевтың «Әке мен мектеп» арасындағы байланысты нығайтуға қатысты ұсынысты қабылдауға келісетіндіктерін білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1