2022 жылдың 30 наурызында күні Облыстық білім басқармасының қолдауымен бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық съезін талқылау мақсатында «Бастауыш- білім бастауы» тақырыбында облыстық форумы өткізілді.
Ақтөбе қаласы №64 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында өткен облыстық форумға 100 ден астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Форум жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Исатаева Жания Альмухановнаның жетекшілігімен өтті.
Шара барысында республикалық съезд делегаттары: Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушысы, педагог-шебер Бибигуль Жамекова, Мұғалжар ауданы №3 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Орынгуль Мукиева, Ақтөбе қаласы А.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып-мұғалімі, педагог-зерттеуші Кымбат Туленова, Ақтөбе қаласы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Жаңылсын Жарылғасова, Қобда ауданы И.Тайманов атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Гулбакыт Сармантаева, Хромтау ауданы №4 Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Рунат Таимова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, педагог-зерттеуші Светлана Жубаева бастауышта білім беру мазмұнын жетілдіру, әдістемелік жұмыс жүйесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру, оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқылып, өз тәжірибелерін ортаға салды.
Сонымен бірге Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Айна Раеваның жүргізген фасилитациялық жұмысы қатысушыларды бір сетгітіп тастады.
Форум жұмысының соңында қатысушылар республикалық съездің қарарымен таныстырылып, кері байланыс жүргізілді.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаева