Ақтөбе облыстық  ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 31 наурыз күні Жайсаң көпсалалы колледжінің педагогтеріне  «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында  облыстық семинар өтті.

Семинар  барысында ТжКББ бөлімінің меңгерушісі Г.А.Кулсейтова "Оқу процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер", "Педагогтерді аттестатаудан өткізу қағидалары мен шарттары" тақырыптарында баяндама жасады. Сондай-ақ, әдіскер Б.Ж.Нурмолдина "Тәрбие жұмысының бағыттары" тақырыбында колледждің тәрбие бағытында атқаратын жұмыс бағыттарына тоқталып, колледж, ата-ана, студент арасындағы байланыс үздіксіз болу керектігін айтты. Сонымен қатар, бөлім мамандары Г.А.Кулсейтова, Б.Ж.Нурмолдина оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжат үлгілерінің жүргізілуіне әдістемелік көмек көрсетті. 

Жайсаң көпсалалы колледжінің  педагог-психологі А.Ж.Кенесова "Оқытушылардың топтасып жұмыс жасау жүйесін ұйымдастыру" бағытында қатысушыларға тренинг өткізді. Ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, семинар қорытындыланды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1