Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Байғанин техникалық колледжінің педагогтеріне «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері Б.Ж.Нурмолдина «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары», М.Т.Абенова «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер», «Білім беру ұйымдарындағы педагогтерді аттестатаудан өткізу қағидалары мен шарттары» тақырыптарында 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжаттар үлгілерімен таныстырып, әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар, Ақтөбе сервис колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Н.Избаева «Машина тігістеріне қойылатын техникалық шарттар» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісіп, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжінің педагог-психологі М.Т.Сарсенгалиева «Үйлесімділікте өмір сүр» тренингін өткізді.
Семинар соңында ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, семинар қорытындыланды.