2022 жылғы  16 наурыз күні  Ақтөбе автожол колледжінің базасында  «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттырудағы WorldSkills ролі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

      Семинардың теориялық бөлімінде  Ақтөбе автожол колледжінің құзыреттілікті бағалау орталығының меңгерушісі Г.Саденова «WorldSkills бәсекеге қабілетті маман әзірлеуге мүмкіндік», Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжінің арнайы пән оқытушысы И.Богославская «Движение WorldSkills как одно из направлений повышения качества подготовки по рабочим специальностям в системе технического и профессионального образования», Ақтөбе гуманитарлық колледжінің музыка пәнінің оқытушысы М.Жусупова «WorldSkills чемпионатын ұйымдастыру және оны әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасап, өздерінің  WorldSkills чемпионатына қатысу шарттары, ережелері, конкурстық тапсырмалар мен бағалау критерийлерін қалыптастыру  бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

          Практикалық бөлімде Ақтөбе техника-технологиялық колледжі, Ақтөбе жоғары медициналық колледжі, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледждері әзірлеген «Кондитерлік іс», «Мейрамхана қызметі», «Медициналык және әлеуметтік кутім», «Майлау және безендіру», «Лабораторно-химический анализ», «Мехатроника», «Инженерная графика CAD», «Графический дизайн» құзыреттілік алаңдарда сарапшы-компатриоттар мен білім алушылар өздерінің жетістіктерімен, алға қойған мақсаттарымен бөлісіп,  конкурстық тапсырмаларды  орындау арқылы кәсіби білімі мен біліктерін  көрсетті.  Сонымен қатар Ақтөбе автожол колледжінің арнайы пән оқытушыларының «Қозғалтқыштың ақауын табу және диагностикалау», «Офсеттік баспа ісі», «Вакумация и заправка холодильной установки», «Бөлшектердегі механикалық ақауды жою» тақырыбындағы шебер-кластарына қатысты.

        Семинарға 60-қа жуық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысып, WorldSkills чемпионатына қатысу шарттары бойынша тәжірибе алмасып, ой бөлісті.

.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1