Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Алға индустриялық техникалық колледжінің педагогтеріне «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері Б.Ж.Нурмолдина «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары», Б.А.Машимбаева «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер», «Білім беру ұйымдарындағы педагогтерді аттестатаудан өткізу қағидалары мен шарттары» тақырыптарында 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжаттар үлгілерімен таныстырып, әдістемелік көмек көрсетті. Оқу-тәрбие жұмысын жандандыру, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, студенттерге толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау керектігіне тоқталып, «Қазіргі білім алушы, ата-ана және оқытушының моделін ұсыну» тренингі өткізілді.
Семинар соңында ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптары мен ұсыныстары айтылып, семинар қорытындыланды.