Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылдың 16 – наурыз күні жалпы орта білім беретін мектеп педагогтеріне арналған «Педагогтердің ІТ-құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында облыстық онлайн семинары болып өтті.
Семинар ашылуында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Скакова Жеміс Бердіғалиқызы білім беру процесінде педагогтердің цифрлық ресурстарды пайдаланудағы тиімділігі, педагогикалық инновацияларды өз іс-тәжірибесінде жүйелі пайдалану цифрлық құзыреттілігін жетілдіруді атап өтті.
Аталған шарада Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның информатика пәні мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында Икрамшина Гульжанар Болатовна мен Мұртаза Шадияр Махсұтұлы UI және UX дизайны бойынша баяндама барысында UI және UX дизайны айырмашылықтары түсіндіріліп, ары қарай UI дизайн элементтеріне жеке-жеке тоқталды. Қосымша көрнекі шрифттармен жұмыс жасау үлгісі демонстрацияланды.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бағалауда қолдану, ZipGrade мобильді қосымшасы туралы Балмағанбет Гүлшара Көшербайқызы қосымша мүмкіндіктері және тиімділігі туралы айтып, қатысушылармен бірлесе жұмыс жасады. Сонымен қатар мобильді қосымшаны қолдану арқылы оқушылардың орындаған жұмыстарын таныстырды. Дугаев Ерболат Маратович пен Есетов Әсет Бейімбетұлы «Ақпараттық-коммуникациялық технологияны визуализация, ресурс ретінде қолдану» тақырыбында PowToon платформасының жұмысымен таныстырды.
Қорытындылау бөлімінде Омарова Арша Жумабековна Mentimeter платформасын кері байланыста қолдану мүмкіндіктеріне тоқталып өтті және де осы платформа арқылы қатысушылармен кері байланыс жасалып, мұғалімдер өзара пікір алмасты.
Семинарға облыстың 200-ге жуық педагогтері қатысып, теориялық білімі мен өз тәжірибелік шеберліктерін шыңдады.