Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе техника-техникалық колледжінің базасында «Тәртіп. Заң. Құқық» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Ақтөбе облыстық-ғылыми тәжірбиелік орталығының әдіскері Б.Ж.Нурмолдина сөз алып кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және жастардың қоғамдағы орны мен құқығын білу туралы ата-аналар әр жасөспіріммен жұмыстанулары керектігіне тоқталды. Ақтөбе техника-техникалық колледжінің директоры Л.И.Ким тәрбие процесінің колледждегі жүргізілу барысымен бөлісіп дөңгелек үстелге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шара барысында Ақтөбе техника-технологиялық колледжі директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ж.А.Бисенова «Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі қызметін ұйымдастыру жұмыстары», топ жетекші Н.К.Исмагулова «Основные направления работы куратора группы» тақырыптарында баяндамалары тыңдалып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны Н.М.Жолдыбаева «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы ақпараттандырып өтті.
Шара соңында колледж психологі Д.Е.Ержан қатысушыларға тренинг өткізді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.