Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 28 қаңтарда үш күндік облыстық «Дебат: сындарлы диалог арқылы тұрақты даму» оқыту семинары басталды.

Семинарға облыс мектептерінің дебат клубтары жетекшілері қатысуда. Танымал пікірсайысшылар: Тобылбаев Еркин Темиржанович (Ақтөбе қаласы №60 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Ақтөбе пікірталас орталығының жетекшісі), Сансызбай Еркеназ (Кеңес Одағының батыры М.Мәметова атындағы Жоғары медициналық колледжінің «Бабалар аманаты» дебат клубының түлегі, Ақтөбе пікірталас орталығының мүшесі), Ялгашбаева Ақмарал (Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің «Линкольн-Дуглас» дебат клубының негізін салушы, Ақтөбе пікірталас орталығының мүшесі), Саматай Әлішер (Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің «Линкольн-Дуглас» дебат клубының президенті, Ақтөбе пікірталас орталығының мүшесі) семинарға қатысушылармен өз тәжірибелерін бөліседі.

Семинарға қатысушылары практикалық бөлімде пікірсайыс турниріне қатыса алады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1