2022 жылғы 16 наурызда Ақтөбе гуманитарлық колледжінің базасында «Педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Шараға Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Б.Б.Кузембаева, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Д.У.Жаманбаева, облыстық мәслихат депутаты А.К.Шункеева, «Педагогикалық шеберлік орталығы» Ақтөбе филиалы директоры Т.А.Акимова, "Өрлеу" БАҰОАҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры Н.М.Абишева, қалалық/ аудандық білім бөлімдері басшылары мен кадр бөлімінің мамандары, мектепке дейінгі, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің түлектері қатысты.
Семинар "дөңгелек үстел" форматында ұйымдастырылып, колледж түлектерімен мамандық таңдау, жұмысқа орналасу мәселері көтерілді. Бітіруші түлектердің қойылған сұрақтарына озық тәжірибелі педагогтер жауап беріп, өзара ашық диалог болды.
Екінші бөлімде облысымызда педагогикалық мамандық даярлайтын оқу орындарының білім сапасы, педагогтерінің сандық-сапалық құрамы, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы мен кадрлар жетіспеушілігі бойынша мониторинг нәтижелері таныстырылды. Шараға қатысушы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша бірлескен қызметі, дуальді оқытудың артықшылықтары, педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыру мәселелері бойынша іс тәжірибелерімен бөлісіп, педагогикалық мамандықтың мәртебесін арттыру жолдарын талқыланды. Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогикалық мамандықтың ерекшелігі мен қоғам өміріндегі орнына тоқталып, ұстаздық жолда аянбай еңбек етуге шақырды. Аудандық білім бөлімдерінің басшылары кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін педагогикалық мамандық даярлайтын оқу орындарын тағы да ашуға ұсыныстарын білдірді.
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Б.Б.Кузембаева шараны қорытындылап, білім беруді одан әрі дамыту перспективаларына және педагогикалық мамандықтардың мәртебесін арттыруды жүзеге асыру бойынша алда тұрған міндеттерді атады.