Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылдың 15 ақпанында ZOOM платформасында «Оқу жетістіктерін жақсартатын ұтымды кері байланыс түрлері» тақырыбында шебер-класс болып өтті. Отырысқа облыс мектептерінің 15 бастауыш класс мұғалімі қатысты.

Шебер кластың кезекті 2 отырысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі Светлана Жубаеваның кіріспе сөзімен басталып, №18 орта мектептің әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Абылшеева Мадина Қарақожаевнаның хабарламасымен жалғасты.

Шеберлік сағатында Ақтөбе қаласы №18 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі, шебер-класс жетекшісі Исмагулова Райхан Аяпбергеновна қатысушылармен бірге «Оқу жетістіктерін жақсартатын ұтымды кері байланыс» тақырыбы бойынша орынды берілген кері байланыс-оқу мен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік беретін маңызды әдіс екендігін дәлелдеп көрсетті. Өз сабақтарынан түсірілген видеожазбалары мен авторлық ұтымды кері байланыс түрлерін ықпалдастыра пайдалану жолдарын көрсетіп, ұсына білді. Дұрыс жүргізілген кері байланыс арқылы, оқушының өзіндік пікірі мен үніне түрткі болып, игерген дағдысын одан әрі дамытуға болатындығын мұғалім шебер көрсете білді. Отырыс соңы, қатысушы мұғалімдердің ұсынылған әдіске берген ыстық ықыласына толы болып аяқталды.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1