Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылы 24 ақпан күні Ақтөбе қаласы №50 орта мектебінде «Бастауыш сынып оқушыларының пәндік және функционалды сауаттылығын кешенді қалыптастыру» облыстық шебер-класының №2 отырысы болып өтті.
Шебер-класс отырысына облыс мектептерінің бастауыш класс мұғалімдері қатысты.
Отырыс жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ. магистрі Жубаева Светлана Онайевнаның алғы сөзімен ашылды.
Шеберлік сағатында №50 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі, шебер-класс жетекшісі Ашубаева Лаура Смагуловна қатысушылармен бірге
«Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдістемесі» тақырыбын талқылап, теориялық тұрғыдан мәліметтер берді. Білім алушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытатын, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ететін, сыни ойлай алатын, көзқарастары дамыған, ақпаратпен жұмыс жасау құзырлылығын меңгерген тұлға қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі көрсетілді.
Лаура Смагуловна берілген ақпараттарды бекіту мақсатында практикалық жұмыстармен байланыстырды.
Шебер-класс жұмысы қорытындыланып, қатысушылар «ББҮ» арқылы Google кестесімен рефлексия жасады.
Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ. магистрі С.О. Жубаева