Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 22 қаңтар күні «Дебаттар: теориядан тәжірибеге» тақырыбында вебинар өтті.
Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыруда «Оқушылардың дебаттық қозғалысын» жүзеге асыруға жоспарланып отыр.
Облыстық вебинарға 60-тан астам облыстық мектептер мен колледждердің дебат клубтарының жетекшілері мен Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім басшысы А.М.Наренова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Б.Ж.Нургожина қатысты.
Вебинар барысында №60 жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәні мұғалімі, Республикалық "Үздік педагог-2020" конкурсының жүлдегері Ақтөбе пікірталас орталығының жетекшісі Е.Т.Тобылбаев, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің «Линкольн-Дуглас» пікірсайыс клубының негізін салушы А.Ялгашбаева, Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінің «Бабалар аманаты» пікірсайыс клубының негізін салушы Е.Сансызбай, Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжінің «Агро-дебат» пікірсайыс клубының түлегі Р.Изтлеуов өз тәжірибелерімен бөлісті