Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 14 ақпанында ZOOM платформасы арқылы өткен «Әліппе» және «Ана тілі» оқу бағдарламаларының әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумға 100 ден аса бастауыш класс мұғалімдері қатысты.

Семинар-практикум жұмысының кіріспе бөлімінде облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Светлана Жубаева «Әліппе» және «Ана тілі» бағдарламасын оқытудың мақсатына тоқталып, кіші жастағы оқушыларды сауаттандыруда бастауыш класс мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі маңызды рөл атқаратыны туралы сөз етті.

Аталған шараның тәжірибе алмасу алаңында Ақтөбе қаласы Новый орта мектеп-лицейінің бастауыш класс мұғалімі, «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының жеңімпазы Дәмежан Қыстаубаева, Ақтөбе қаласы №60 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі, педагог-шебер Гульмира Конарова, Ақтөбе қаласы №20 ОМЛ бастауыш класс мұғалімі Татьяна Наумцева, Ақтөбе қаласы, №23 ОМЛ бастауыш класс мұғалімі Гулмира Удербаева мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту, «Әліппе» оқу бағдарламасын меңгерудегі саралау тапсырмаларының тиімділігі», «Әліппе» мен «Ана тілі» бағдарламаларының әдістемелік ерекшеліктері, олардың оқу дағдыларын және қарапайым грамматикалық түсініктерін қалыптастыру тақырыптарында өз тәжірибелерін ортаға салды.

Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, тәжірибелерінен мысалдар келтірілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1