Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен "Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда электрондық оқыту ресурстарын пайдаланудың тиімділігі" тақырыбында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің базасында облыстық семинар-практикум өтті.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ТжКББ бөлімінің меңгерушісі Г.Кулсейтова білім беру процесінде электрондық оқыту ресурстарын пайдаланудың тиімділігі, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында педагогтердің үнемі ізденісте болу керектігіне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Семинар-практикумда Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің озық тәжірибелі педагогтерінің кіріктірілген сабақтары көрсетіліп, «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған заманауи оқу құралдарына экскурсия жасалып, «Құзыреттілікті бағалау» орталығының жұмысы таныстырылды.
Шараға Ақтөбе облыстық ТжКББ ұйымдарының арнайы пән оқытушылары, оқу-өндірістік шеберлері қатысты. Ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптары мен ұсыныстары айтылып, семинар қорытындыланды.