2022 жылғы 25 – ақпанда физика пәні мұғалімдерінің арасында облыстық шығармашылық конкурсы өткізілді.
Мақсаты : мұғалім беделін көтеру, оның кәсіби шеберлігін шыңдау, білім сапасының өсуіне үлес қосу.
Шараға ауыл мектептерінде жұмыс жасайтын физика пәні мұғалімдері қатысты.
Конкурс салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағымен бірлесіп өткізілді.Қазылар алқасының құрамында, Жилгельдин Жексенғали, төрағасы - Umit Education оқу орталығының физика пәні мұғалімі; Мазинова Анаргүл Жалғасбаевна – М.Арын ат.Қарғалы қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі, физика пәні бойынша облыстық ассоциациясының көшбасшысы, педагог - шебер; Жилгельдин Сабыржан Жексенгалиевич – М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі, республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы; Омаров Ержан Сейтжанович – М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп - интернатының физика пәні мұғалімі; Бозшин Бекболат Жағалбайливич - Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі, «Үздік педагог-2020» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы, ПШО тренері;
Жинаған ұпай сандарының қорытындысы бойынша төмендегідей конкурстың жеңімпаздары анықталды:
І орын – Асылисаева Кунзада Болатхановна - Алға ауданы, Алға мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі;
ІІ орын – Сайлау Айжан Сайлауқызы - Ойыл ауданы, Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі;
ІІІ орын – Аленов Батыр Төлеубайұлы – Шалқар ауданы Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, болашақта да толағай табыстар тілейміз!
Мектепке дейінгі және жалпы білім беру бөлімінің әдіскері
Ғ. Байсейтова