Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 25 ақпан  күні  «Педагогтің кәсібилігі-үздіксіз кәсіби дамуының нәтижесі» тақырыбында  ТжКББ ұйымдары оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған өңірлік шебер-класс өтті.

Батыс Қазақстан облысы Білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Н.Сабиров, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ТжКБ және кәсіби бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Г.Кулсейтова кәсіби құзыретті маман дайындау үшін  педагогтерге қойылатын талаптар туралы сөз етіп, өзара әріптестік аясында ұйымдастырылған шараларға тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі .

Өңіраралық тәжірибе алмасу барысында

Атырау «APEC PetroTechnic» Жоғары кол­лед­жінің арнайы пән оқытушысы Т.Әндіжанова «Использование симуляторов - оборудований по контролю процессов в химической технологии», Батыс Қазақстан облысы Сервис және жаңа технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері Н.Шакенова «Worldskills» стандарттарына сәйкес «Наубайшы» мамандығы бойынша  өндірістік сабақтарда сапалы білім беруді дамыту», Қ. Дүтбаева атындағы  Атырау гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Г.Шуйншалиева «М.Мағауин "Шақан-шері" романы», Ақтөбе автожол колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Зейдалиева «Жазық офсетті баспа машиналарына тираждарды басуға дайындау операциялары», Маңғыстау туризм колледжінің  арнайы пән оқытушысы Б.Муратова «Карвинг» көкөністер мен жемістерді әсемдеп-әшекейлеп кесу тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабақтарын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Д.Халетова шеберлік-сыныпта берілген ұтымды әдіс-тәсілдер педагогтердің шығармашылықтарын шыңдап, кәсіби дамуына оң әсерін тигізетінін айтып,  өз тәжірибелерімен бөліскен оқытушыларға және қатысушыларға алғысын білдірді.    

 

           

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1