2021 жылғы 27-қаңтарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен қалалық, аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлеріне арналған «Пандемия жағдайында дене шынықтыруды жүргізудегі проблемалар мен ұсыныстар» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел отырысында облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Н.Танирбергенов 2020-2021 оқу жылының ІІІ тоқсанындағы дене шынықтыру пәні бойынша өзгерістер мен мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына тоқталды.
Шара барысында Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі, облыстық ассоциация жетекшісі, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері К.Жиенгалиев пен Ақтөбе қаласындағы №30 қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Б.Ораз пандемия жағдайында дене шынықтыру пәнін жүргізуде кездесетін проблемаларды жоюдың жолдарын ұсынып, пән бойынша білім беру сапасын қалай көтеруге болатыны туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұйымдастырушылар мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.