Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында «Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдері сабақтарында мотивацияны арттырудың заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында қала, аудан мұғалімдеріне семинар-практикум өтіп, тіл мамандары өз сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Аталған пәндер бойынша панорамалық сабақтар көрсетіліп, оқушылардың тіл үйренудегі белсенділігі мұғалімнің құзіретінде екендігі тәжірибе арқылы көрсетілді.