Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 18 ақпан күні «Демонстрациялық емтихан-тәуелсіз бағалау жүйесінің инновациялық түрі» тақырыбында республикалық семинар өтті.  

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Д.Халетова, Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің жетекшісі Г.Сүлейменова, «APEC PetroTechnic» Атырау жоғары кол­лед­жі директорының міндетін атқарушы Ш.Мурзагалиев сөз алып, ТжКББ ұйымдарында демонстрациялық емтихан өткізу қазіргі мемлекеттік қорытынды емтиханның жаңа форматы екендігін айтып, оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Семинар барысында «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы WorldSkills дамыту басқармасының бас менеджері А.Еставлетова «Методические рекомендации по проведению демоэкзамена» тақырыбында демонстрациялық емтиханды өткізудің әдістемелік жұмысын түсіндіріп, баяндама жасады.

Сондай-ақ, «APEC PetroTechnic» Атырау жоғары кол­лед­жі химия өндірісінің арнайы пән оқытушысы А.Калдыбаева «Опыт проведения демонстрационного экзамена по международным стандартам WorldSkills по специальности "Химическая технология и производство"», Алматы туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің өндірістік оқыту шеберлері А.Алимходжаева, А.Керімбеков «Демоемтихан-қызмет көрсетуді ұйымдастыру», Қазалы аграрлы-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Қ.Арзақынов «Колледжде  Worldskills стандарттарына сәйкес «Пісіру ісі» мамандығы бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру», Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөнінде орынбасары К.Бердигалиев және арнайы пән оқытушысы Р.Даримова «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру» тақырыбындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

Шараға Алматы, Қызылорда, Атырау, Орал, Ақтау, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтарының басшылары, әдістемелік кабинет басшылары мен ТжКББ ұйымдарының оқу және өндірістік, әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары, оқу-өндірістік шеберлері қатысты.

Жоспарға сәйкес өткізілген республикалық семинар демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік сүйемелдеу және өзара тәжірибе алмасу бағытында өтті. Ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптары мен ұсыныстары айтылды.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1