Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 17 ақпан күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің базасында «Заманауи тәрбие технологиялары және оларды тәрбие процесінде қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директоры Д.У.Жаманбаева алғы сөз алып, тәрбие жұмысының жүргізілуі колледж әкімшілігінің, топ жетекшілерінің, педагог-психологтардың, клуб, үйірме, жетекшілерінің күшімен жүзеге асырылатындығына тоқталды және Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің директоры Ж.С.Мухамбетпаизова тәрбие процесінің колледждегі жүргізілу барысымен бөлісіп семинар қатысушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Д.К.Халетова ТжКББ ұйымдарындағы тәрбие бағытының жұмысын жандандыру, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, студенттерге толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау керектігін айтып өтті.
Семинар барысында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық, ТжКББ бөлімінің әдіскері Б.Ж.Нурмолдина «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары» тақырыбында ақпарат берді. Сондай-ақ, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.У.Есенгалиева «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиялары – біздің іс-тәжірибемізде», әлеуметтік педагог А.Ж.Бижанова «Білім алушыларды әлеуметтік қолдау», еріктілер клубының жетекшісі Н.Медиев Волонтерлар (еріктілер) клубының жұмыс барысы тақырыптарында баяндамалары тыңдалды.
Колледж психологтері А.Д.Қосдәулет, А.Т.Шортанбаева «Психологиялық жұмыс барысының жүргізілуі», студенттік IT клубтар үйірмелерінің жетекшісі Н.К.Исмагулова «РОБО клуб», «3d модельдеу», «Moution Pesign», «Marker Space» үйірмелер жұмыстарының жүргізілуі, дебат жетекшісі А.С.Ялгашбаева «Дебат клубының ұйымдастырылуы», топ куратор Д.Т.Шаңбаев «Топ жетекші-тәрбие жұмысын үйлестіруші педагог» тақырыбында тәжірибелік жұмыстары көрсетіліп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында сергіту тренингі ұйымдасытырлып, тәрбие ісі жөнінідегі орынбасарлары өзара пікір алмасты.