Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 27 қаңтарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп, облыстың балабақша және мектепалды сынып тәрбиешілеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың креативтілік ойлауын дамыту» тақырыбында облыстық әдістемелік онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері М.Т.Мурзагулова және Педагогикалық шеберлік орталығының тренері В.И.Божко 40-қа жуық қатысқан тәрбиешілерге «4 К Моделі негізінде үздік ҰОҚ» облыстық қашықтан өткен байқауын қорытындылап, 4К моделін қолдану бойынша ұсыныстар берді.

Содан кейін В.И.Божко «Креативтілік 4К моделінің компоненті ретінде» тақырыбында сөз сөйледі, онда «креативтілік» ұғымының мағынасын ашып, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сәтті болатын жағдайлар туралы айтты. Педагогтер мектеп жасына дейінгі балалардың креативті ойлауын дамыту үшін өз жұмысында қолдануға болатын инновациялық технологиялар және оқытуда сақталуы керек ережелермен танысты.

Бұдан әрі Педагогикалық шеберлік орталығының тренері К.Б.Кошмаганбетова «Балалардың креативтілік ойлауын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар» тақырыбында сөз сөйледі. Семинарға қатысушылар практикалық тапсырмаларды ойын және жаттығу түрінде орындауға белсенді қатысты.

Әдістемелік семинар соңында пікір алмасып, тәрбиешілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

 

М.Т.Мурзагулова - мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1