https://bilimaktobe.kz/kz/interaktivnye-zanyatiya#sigFreeId38b0f22aff
Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті интерактивті сабақ өткізді.
Ағымдағы жылдың 28 қараша күні «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Тұрмыстық электр құралдармен айналысу ережелері», «Қысқы кезеңдегі үсік кезінде алғашқы көмек көрсету жолдары» тақырыптары бойынша онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақтар өтті.
Сабақ барысында қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Шараға облыс бойынша 238 мектеп, 7553 оқушы қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/interaktivnye-zanyatiya#sigFreeId807021790e
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде «Жазғы кезеңдегі судағы іс- қимыл ережелері», «Балалардың терезеден құлауы, олардың алдын-алу» тақырыптарында тәрбие әдіскерлеріне және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық интерактивті сабақ көрсетілді.
Интерактивті сабаққа Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері капитан Туменов Арыстанбек Еділханұлы, Ақтөбе облысы ТЖД Төтенше жағдайларды алдын-алу басқармасының аға инженері аға лейтенант Орынбасаров Жанболат Мәдіғалиұлы, ҚР ТЖМ Апаттық медицина орталығының дәрігері Кульжанов Жанат Базарбаевич жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.
Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 13 әдіскер, 380 директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/interaktivnye-zanyatiya#sigFreeId203a6e030c
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде «Жазғы кезеңдегі судағы іс- қимыл ережелері», «Өртсіз жазғы демалыстар. Жазғы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі шаралары», «Жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелері», «Балалардың терезеден құлауы, олардың алдын-алу» тақырыптарында 7-10 сынып білім алушыларына арналған кезекті облыстық интерактивті сабақ көрсетілді.
Интерактивті сабаққа төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері азаматтық қорғау лейтенанты Әбілтаев Аспандияр Қалыбекұлы және Төтенше жағдайлар жою басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Жаңабай Нұрдәулет Төлегенұлы жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.
Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 405 мектеп, 5905 оқушы қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/interaktivnye-zanyatiya#sigFreeId2f1b7c9a48
Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Интерактивті сабаққа Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт басқармасының бас маманы а/қ капитаны Мұхтар Аслан Берікұлы өрт қауіпсіздігі шараларына тоқталды; Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Кеңшіліков Биғалым Нұрбекұлы балалар тұрмыстық жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек әрекетерін көрсетіп өтті; Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Туменов Арыстанбек Едилханулы - суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелеріне тоқталды.
Сабақ барысында жоғарыда көрсетілген тақырыптары бойынша қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, білім алушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 415 мектеп, 6105 оқушы қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/interaktivnye-zanyatiya#sigFreeId710452778c
Салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде ағымдағы жылдың 3 ақпан күні сағат 10.00 онлайн форматта «Салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек», «1 наурыз – Азаматтық қорғаныс күні», «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар (боран, қарлы боран, қарлы бұрқасын) кезіндегі мінез-құлық ережелері» тақырыптарында 7-9 сынып білім алушыларына арналған облыстық интерактивті сабақ көрсетілді.
Интерактивті сабаққаТөтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Аманшев Кайрат Искаерович кысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар (боран, қарлы боран, қарлы бұрқасын) кезіндегі мінез-құлық ережелерімен таныстырып өтті. Аппаттар медициналық орталығының маманы Жургенбай Дархан Темирланович салқын тию мен үсіп қалу кезіндегі алғашқы қандай медициналық көмек көрсетілу керектігін атап айтты.
Сабақ барысында қыс кезінде қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 220 мектеп, 3387 оқушы қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/interaktivnye-zanyatiya#sigFreeIda7ae86166f
Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруыменАқтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті2024 жылға арналған бірлескен жоспары негізінде«Жылыту кезеңіндкгі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Тұрмыстық электр құралдармен айналасу ережелері», «ҚР ІІМ ТЖК КТИ оқу орнына түсу мүмкіндіктері мен ерекшеліктері» тақырыптары бойынша онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақтар өтті.
Сабақ барысында қауіпсіздік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 238 мектеп, 6454 оқушы қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/interaktivnye-zanyatiya#sigFreeId66213612e3
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған бірлескен жоспар негізінде «Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік», «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақ өткізді.
Сабақ барысында қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға кеңестер берілді. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 223 мектеп, 5897 оқушы қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/interaktivnye-zanyatiya#sigFreeId7fe3f6ee2d
Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде онлайн форматта «Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында кезекті облыстық интерактивті сабақөтті.
Сабақ барысында қатысушыларға кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша165 мектеп, 3707 оқушы қатысты.

