Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2020 жылғы 27 қарашада тарих пәні мұғалімдерінің облыстық ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес «Қашықтан оқыту – білім берудегі жаңа технологиялардың бірі» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Тарих пәні бойынша компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлерін көрсету, қашықтан оқыту барысында оқушылармен тиімді байланыс орнату, қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада Ақтөбе қаласының №35 орта мектебінің мұғалімі, тарих ғылымдарының магистрі Жулумбетова Нурслу Айтжановна мен Шалқар қаласы №6 ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Досмағамбетова Айым Шынбайқызы өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-класс көрсетті. Семинар қатысушыларымен кері байланыс жүргізді.
Қашықтан оқыту жағдайында тарих сабағын табысты өткізу мақсатында тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген онлайн семинар өз деңгейінде өтті.