Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің 2022 жылғы жоспарына сәйкес 14 ақпанда облыстық білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтарға арналған «Күйзелістік қысым. Күйзелісті төмендету тәсілдері» тақырыбында онлайн облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

Шараны Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталық директорының орынбасары Д.К.Халетова алғы сөзімен ашты. Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, магистр М.К.Жубандыкова «Күйзелісті жеңудің амалдарымен» бөлісті. Сонымен қатар психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері М.Жасжанова «Күйзеліс психологиясы, күйзелісті төмендету техникалары» тақырыптарында теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерін жүргізді.

Семинар соңында облыстық педагог-психологтар кері байланыстарымен бөлісті. 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1