Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Ақтөбе қаласындағы №40 орта мектебінің тарих пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, «Тарих пәнін оқытуда тиімді педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты облыстық семинар ұйымдастырды.
Тарих пәнін оқытуда тиімді педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатын көздеген шараға 55 мұғалім қатысты.
Семинардың теориялық бөлімінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Искендирова Аяш Абдимахановна «Функционалдық сауаттылық-білім берудің сапасын жақсартудың маңызды шарты» тақырыбында ой бөліссе, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бекмуханова Айкоркем Хамидуллиевна мен тарих пәнінің мұғалімі Нургалиева Жания Камаладиновна «Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында коучинг өткізді.
Ал практикалық бөлімде тарих пәнінің мұғалімдері Кенжебаева Айгүл Сандигалиевна «ХIХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары» тақырыбындағы 11«А» класында өткен, Саликина Гүлбану Мыңжасарқызы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жариялануы» тақырыбындағы 9«Г» класында өткен панорамалық сабақтарын көрсетіп, тиімді педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай қалыптастыруға болатындығына тоқталды. Султанова Замзагүл Аманжоловна мен Сарсенова Замира Давлетбаевна семинарға қатысушылармен «Білгенім бір тоғыз...» атты тарихи-интеллектуалдық ойынын қызықты етіп өткізіп, кері байланыс жасады.
Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, өз тілектерін білдірді.
А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері