2022 жылы 11 – ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы, жалпы білім беретін «Білім» мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі, техника ғылымдарының магистрі Домаков Ержан Тұрсынбекұлының  «Оқушылар арасында информатикадан мектеп олимпиадасын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық шебер класы өтті.

Аталған шараға облыстың 150-ге жуық информатика пәні мұғалімдері қатысып, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін шыңдады.

Шеберлік сағаты мектеп бағдарламасына сәйкес және күрделілігі жоғары есептерді шығаруға дағдыландыру және   оқушының қабілетін  ескере отырып, логикалық - алгоритмдік және жүйелі комбинаторикалық ойлауы дамыған оқушыларды олимпиадаға дайындау мақсатында ұйымдастырылды.

 Ержан Тұрсынбекұлы шебер - класс барысында олимпиада тапсырмаларының құрылымы, шығару жолдарының түрлі әдіс-тәсілдерін  көрсетіп, қатысушылармен бірлесе  жұмыс жасады және информатикадан олимпиадаға дайындықпен ұйымдастыру процесімен,  контест Yandex, Contester платформаларының жұмысымен таныстырды.

Қорытындылау бөлімінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Габбасова Жадыра Талаповна  жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың кезеңдеріне тоқталып өтті және де  қатысушылармен кері байланыс жасалып, мұғалімдер өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ алдағы уақытта оқушылар арасында Контест Yandex платформасында олимпиада ұйымдастырылуын ұсынды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1