2022 жылғы 11- ақпанда онлайн тәртібінде Ш.Құдайбердіұлы атындағы № 66 жалпы білім беретін орта мектебі мұғалімдерінің қатысуымен облыстық семинар болып өтті.
Іс-шараға 80 – ге тарта математика пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында математика пәні мұғалімі Умирбаева Мария Утебаевна «Интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде қолдану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында шебер класс көрсетті.
Сонымен қатар математика пәні мұғалімдері Марқабаев Торехан Сисенгалиевич 11 сыныпта «Санның логарифмі және оның қасиеттері», Тәңірберген Айсұлу Көбейсінқызы 7 сыныпта «Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы», Жалауова Динара Дарханқызы 8 сыныпта «Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары» , Утегенова Жадыра Маратбаевна 7 сыныпта «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» , Жақсылыкова Алтын Темиржановна 6 сыныпта «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыптарында панорамалық сабақтар көрсетті.
Келесі кезекте математика пәні мұғалімі Мусина Самал Орынбасаровна «Математика сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі» тақырыбында коучинг көрсетті.
Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, мұғалімдер өзара пікір алмасты.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру
бөлімінің әдіскері Ғ.Байсейтова