Балалар іс-әрекеті қаншалықты алуан түрлі болғандықтан, соншалықты оның жан жақты дамуы табысты жүреді, шығармашылықтың алғашқы көрінісітері жүзеге асырылады. Балабақшада ең қолжетімді және қызықты қызмет түрлерінің бірі - қағаздан құрастыру болып табылады.

2022 жылғы 10 ақпанда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы «Ертөстік» мектепке дейінгі ұйымның бейнелеу студия жетекшілерінің Римма Мидхатовна Муратшина мен София Нармухамметовна Генджебаеваның «Қағазбен жұмыс-конструктивті дағдыларды дамыту құралы» тақырыбында шебер-класы өткізілді. Шараға облыстық балабақша, шағын орталықтар және мектепалды даярлық кластарының тәрбиешілері қатысты.

Қатысушылар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қағаздан құрастыру техникасының бірнеше түрлерімен жұмыстарды орындап, қосымша білім мен тәжірибелік дағдылар алды.

Балалар мен педагогтер жұмыстарының «Сиқырлы қағаз әлемі» атты көрмесі тәрбиешілердің қызығушылығын оятты.

 «Ертөстік» МДҰ бейнелеу студиясының жетекшілеріне шығармашылық жетістіктер, әрі қарай ынтымақтастықта жұмыс жасауға тілек білдіре отырып, алғысымызды білдіреміз.

Мурзагулова М.- мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1