Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің 2022 жылғы жоспарына сәйкес 10 ақпанда облыстық білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған «Жасөспірімдердің гендерлік мінез-құлқы тақырыбында онлайн облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

Шараны Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталық директорының орынбасары Д.К.Халетова алғы сөзімен ашты. Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, магистр М.К.Жубандыкова жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ерекшеліктермен бөлісті. Сонымен қатар, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің заңгері, В.Т.Жұмағазы «Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» және «Қазақстан Республикасының ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңдарына түсіндірме берді. Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері М.Жасжанова «Гендерлік негізгі айырмашылықтар, жасөспірімдердің танымдық қабілеттерін салыстыру, гендерлік сәйкестікті қалыптастыру» тақырыптарында теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерін жүргізді.

Семинар соңында облыстық педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтер кері байланыстарымен бөлісті. 

     

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1